Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти дін жанашырына қажылыққа жолдама берді

Бас мүфти дін жанашырына қажылыққа жолдама берді

0 184

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы белгілі қаламгер, ардагер журналист, дін жанашыры Қожа-Ахмет Демеубергенұлына демеушілердің қолдауымен кіші қажылыққа жолдама берді.


Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі Қожа-Ахмет Демеубергенұлына дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу, Бекет Мырзағұлұлының рухани мұрасын насихаттау бағытындағы игі істеріне ризашылық ниетін жеткізді.

Өз кезегінде ардагер журналист қолдау көрсеткен Бас мүфтиге жүрекжарды лебізін білдіріп, ақ батасын берді. Алдағы уақытта да дініміздің асыл құндылықтарын насихаттау бағытында өнімді еңбек ете беруге сенім білдірді.





Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.