Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бірқатар имамға қызметтік пәтер берілді

Бірқатар имамға қызметтік пәтер берілді

0 167

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысына барған сапарында аймақтағы бірқатар дін қызметкеріне демеушілердің көмегімен салынған қызметтік пәтер кілтін табыстады.


Жаңаөзен қаласының мешіт қызметкерлеріне баспана кілтін табыстау рәсімінде Бас мүфти: «Мүфтият өз қарамағындағы дін қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қолдау жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Бүгінгі таңда имамдарды тұрақты жалақымен қамтамасыз ету мәселесін кезең кезеңімен шешіп келе жатқанымызды жақсы білесіздер. Ендігі мақсат – еліміз бен жерімізге қызмет етіп, дін мен дәстүр құндылықтарын дәріптеуде ыждағатты болу» деп атап өтті.





Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.