«Сәдуақас қажы Ғылмани»: Жамағатқа бейсенбілік ауызашар берілді (фото)
«Сәдуақас қажы Ғылмани»: Жамағатқа бейсенбілік ауызашар берілді (фото)
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде бейсенбі күні игі дәстүрге сай бейсенбілік ауызашар берілді.
Ауыз ашу рәсіміне жиналған көпшілік жамағатқа мешіттің бас имамы Руслан Байзақов арнайы уағыз-насихат айтып, діни тақырыптар төңірегінде терең мағлұматтар берді.
Бас имамның сөзінде рухани тазалық, бірлік және мұсылмандық құндылықтардың маңызы туралы айтылып, жиналғандар имандылыққа шақырылды. Уағыз-насихаттан соң, бас имам көпшілікке арнап дұға жасады. Дұғада еліміздің амандығы, халқымыздың тыны штығы мен берекесі, сондай-ақ, ауызашар ұйымдастыруға атсалысқан барша азаматтардың сауапты істері үшін тілектер айтылды.
Бұл рухани отырыс мешіт жамағатының ауызбіршілігін арттырып, имандылық жолындағы білімдерін толықтыруға септігін тигізді.

sunna.kz