Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Діни рәсімдер бөлімі ашылады

Діни рәсімдер бөлімі ашылады

0 49

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан Діни рәсімдер бөлімі ашылады. Бұл туралы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2026 жылға арналған Бағдарлық баяндамасында мәлімдеді.


«Еліміздің әр аймағында діни рәсімдерді орындау, халыққа бірізді бағыт беру мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан «Діни рәсімдер» бөлімін ашу туралы шешім қабылдадым.

Шын мәнінде, діни рәсімдер тек құлшылық емес, сонымен қатар қоғамдық тәрбие құралы. Әрбір діни рәсім мұсылманды сабырлыққа, жауапкершілікке, үнемшілдікке, өзара құрмет сынды құндылықтарға тәрбиелейді. Алайда бұл салада дұрыс бағыт берілмесе, аталған рәсімдер, керісінше қоғамға салмақ салатын даулы мәселеге айналуы мүмкін.

Жаңадан ашылатын Діни рәсімдер бөлімі жаназа, жерлеу және ас беру, неке қию, балаға ат қою, Құран бағыштау рәсімдерін дұрыс атқарылуын және жұма, айт, тарауық секілді жамағатпен оқылатын намаздардың бір тәртіппен орындалуын жүйелейтін болады», – деді Бас мүфти.




Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.