Рамазан – дұғалар қабыл болатын ай. Дұға қабыл болатын бұл күндері әрбір мұсылман көп дұға етуі керек. Әсіресе ауызашар уақыты – дұға қабыл болатын сәт. Сол үшін ауыз ашқанда дұға жасау – мұстахаб. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Үш адамның дұғасы қайтарылмайды: ораза ұстаушының ауыз ашқанға дейінгі, әділ басшының, жәбірленушінің дұғасы», – деген.
Басқа хадисте Алла елшісі: «Ораза ұстаушының дұғасы қайтарылмайды», – деген. Біреуден бір мәрте бірдеңе сұрасаң, береді. Екінші рет сұрасаң, береді. Үшінші рет сұрайын деп бара жатқаныңнан: «Мынау тағы бірдеңе сұрайын деп келе жатыр», – деп ренжиді. Ал Хақ Тағаладан сұрау мәселесіне келер болсақ, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтады: «Алла Тағала Өзiне дұға етпеген пендесiне ашуы келедi» («Сунәну Ибн Мажәһ»).
«Дұғаға босаңсымаңдар! Өйткенi дұға етумен ешкiм апатқа ұшырамайды» («Әл-Жәмиъус-Сағир»).
материал «Ораза: әдебі мен міндеттері» кітабынан алынды,
sunna.kz