«Сәдуақас қажы Ғылмани»: Тарауық намаздарында Хатым жасайтын қарилар таныстырды (фото)
«Сәдуақас қажы Ғылмани»: Тарауық намаздарында Хатым жасайтын қарилар таныстырды (фото)
Елордадағы тарихи құлшылық ордасы – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде алғашқы тарауық намазы оқылып, хатым басталды.
Бас имам Руслан Байзақов жамағатты Рамазан айының келуімен құттықтап, қасиетті айдың мән-маңызына, осы айда атқарылар айырықша құлшылықтарға тоқталды.
Жиналған жамағатты Рамазан айымен құттықтап, Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы баяндап, мешіт жамағатын Рамазан айында атқарылар игілікті іс-шаралардан қалыс қалмауға шақырды.
Сонымен бірге, ай бойы тарауық намазында Хатым жасайтын қариларды көпшілікке таныстырды. «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде бір ай бойы үш бірдей білікті қари Құран Хатым оқиды.
Атап айтқанда, Баусариев Дастан Бақытбекұлы – Ақмола облысы, «Жібек жолы» қарилар орталығының директоры.
Екінші қари Муратов Теміржан, Астана қаласы Хусамуддин ас-Сығанақи Ислам институтында ұстазы. 2010-2014 аралығы Нұр-Мүбарак университетінде оқып Құран жаттаған. 10 жылдан бері ұстаздық қызметін атқаруда.
Үшінші қари Mahmoud Mohamed Hasan, Хусамуддин ас-Сығанақи Ислам институтының шариғат және араб тілі пәндерінің ұстазы, дінтану докторы.
Аты аталған қарилар тарауық намазында Құранды бастан-аяқ оқып, Хатым жасайтын болады.




sunna.kz