Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Үлкен күнә болып саналатын іс

0 843

«Фәлақ» сүресінің соңғы аятында былай делінеді:

وَ مِنْ شَرِّ حَاسِدٍ إِذَا حَسَدَّ

Мағынасы; «Қызғаныштан тұла бoйы өрт бoп жанған көре алмаушылардың күндеген сәттегі кесірінен (сиынамын)». «Фәлақ» сүресінде жаман нәрселердің кесірлері жеке-жеке айтылып, солардан Алла Тағалаға сиыну қажеттілігі айтылған.

Ақырғы аятында қызғанып, көре алмаушыдан сиын деп айтылуы, көре алмаушылықтың алдыңғылардан да ең жаман екендігінің белгісі. Өйткені, қызғаныш көкте де, жер бетінде де алғаш рет Алла Тағалаға қарсы шығуға себеп болған ауыр күнә.

Алғашқысы көкте болған еді. Хақ Тағала Адам атаны жаратқанда, Ібіліс қызғаныштан от болып жанған. Өйткені, адам жаралмай тұрғанда ол ғаламзат ішінде жалғыз еркі бар саналы жан еді. Яғни, адамнан бұрын жындар жаратылған. Жындардың ішінде ібіліс ең ардақтысы болғандықтан дәрежесі жоғарылап, көкке шыққан. Бірақ, көп ұзамай Адам ата жаратылды. Ол жер бетінің халифасы әрі күллі ғалам адамзатқа бағындырылатын болды. Жындар да адамға бағынуы тиіс. Өзінен үстем біреудің шыққандығын көрген Ібіліс қызғанышын ішіне сыйдыра алмай Хақ Тағалаға қарсы шығып, Оның рақымынан мәңгілікке қуылды. Екіншісі – жер бетінде болған. Адам Ата жер бетіне түскен соң көп ұзамай ұрпағы көбейді. Сонда Қабылдың егіз қарындасын Абылға бермек болады. Қабыл қарындасын қызғанып, Абылды өлтіріп, жер бетінде алғаш рет қан төгіледі. Содан бері кімде кім жазықсыз адам өлтірсе, алдымен соның күнәсі Қабылға жазылуда. Міне, қияметке дейінгі кісі өлтіру күнәларының Қабылға жазылуына сол қызғаныш себеп болған еді. Көре алмаушылық Исламда үлкен күнә болып саналады.

«Мәңгі мұғжиза кітабынан алынды

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.