«Сәдуақас қажы Ғылмани»: Алғашқы тарауық намазы оқылды (фото)
«Сәдуақас қажы Ғылмани»: Алғашқы тарауық намазы оқылды (фото)
Рамазан айының басталуына орай, ел мешіттерінде тарауық намазы басталды.
Осыған орай, елордадағы тарихи құлшылық ордасы – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде алғашқы тарауық намазы оқылып, хатым басталды.
Бас имам Руслан Байзақов жамағатты Рамазан айының келуімен құттықтап, қасиетті айдың мән-маңызына, осы айда атқарылар айырықша құлшылықтарға тоқталды. Жиналған елордалық ағайынды биылғы жылғы Рамазан айына орай мешітте өтетін іс-шаралар легімен құлағдар етті.
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Руслан Байзақов жиналған жамағатты Рамазан айымен құттықтап, Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы баяндап, мешіт жамағатын Рамазан айында атқарылар игілікті іс-шаралардан қалыс қалмауға шақырды.


sunna.kz