Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Шәкәрім: Адам хақы менен хаиуан хақы

0 2  171

Уа, достар! Алла Тағаланың құлы екеніңізді білген соң зинһар адам хақы мойыныңызда кетпектен сақтаныңыз.

Бұл адам хақы деген жалғыз мал хақысы ғана болмайды. Адамның мал хақы бар, жан хақы бар, абырой хақы, мұсылмандық дін хақы бар. Не денесіне, не абыройына, жанына, не ғибадатына, не малына, не көңіліне бір зиянды орынсыз тигізсеңіз — бәрі адам хақы болады.

Аятта: «иннаһу ла йухиббуз-залимина» . Мағынасы: Алла Тағала залымдарды жек көреді деген. Залым деп зиянкес адамды айтады. Және Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисі «занбу ла йугфиру уа занбу ла йутраку уа занбу иугфиру фа аммал-лази ла йагфиру фаш-ширку бил-лаһи уа аммал-лази иугфи-ру фа занбу ал-габдул-лазн байнаһу уа байнал-лаһи газза уа джалла уа аммал-лази ла йутраку фа зулмул- ғибади йаг-дуһум бағдан» деген, мағынасы: бір күнә бар тіпті кешілмейді, бір күнә бар қалдырылмайды, бір күнә бар кешіледі. Әуелгі кешілмейтұғын күнә деген АллаТағалаға серік келтірген, соңғы кешіледі деген күнә Алла Тағаланың бендеге бұйырған ғибадатын қылмаған. Енді қалдырылмайды деген күнә адамның адамға қылған залымдығы. Мұны иесі разы болып кешпесе, Алла Тағала кеш деп кешкізбейді. Сол себептен күпірліктен соңғы қорын іс адам хақы болады.

Әрине, хайуан хақынан да жолы бек қиын Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан: «лау гуфира лакум касирун». Мағынасы: егер хайуанға орынсыз қылған істеріңіз кешілсе, талай көп күнәңізден құтылар едіңіз деген. Бұл хайуан хақы деген орынсыз жерде ауырып, халінен артық жүк салып, оны тарта алмаса, соғып қинайсыз. Және не үйреткен емес, не қатты қысылмай тұрып орынсыз қинап, шаршатып, жүре алмай қалса ұрып, қамшылап, кейде тепкілейсіз, кейде сүрініп кетсе де орынсыз, яки қатты керек болмай тұрған кезде не жас баласын, не буаз күнінде орынсыз өлтіресіз, яки болса болған соң жұмыртқасын сындырасың ондайлардың бәрі де обал, бәрі де хайуан хақы.

Және бүл хайуан түгіл жансыз нәрсеге ашуланып, не боқтап, не сындырып, не ұрып тастайтұғын істеріміз ойымызға түскенде бек ойлаймын, әлбетте, ақымақтықтың ең жаманы хайуан менен жансызға ашуланбақ.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

«Мұсылмандық шарты» кітабынан

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.