Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти байқау жеңімпаздарын марапаттады

0 677

15 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай республикалық «Мұнара» газеті жарияланған «Еркіндігім. Қасиеттім. Қастерлім» шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды. Байқау жүлдегерлерін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы марапаттады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

ҚМДБ Төрағасы байқау қатысушылары мен жеңімпаздарын Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, байқау қатысушыларына алғыс айтты.

ҚМДБ-ға қарасты Республикалық «Мұнара» рухани-танымдық газетінің шығармашылық байқауы ұлт тарихында өшпес із қалдырған көрнекті тұлғалардың еңбегін, тәуелсіздік жылдарында еліміздің қол жеткізген жетістіктерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Байқауға еліміздің барлық аймағынан 50-ге жуық жұмыс ұсынылды. Шығармашылық байқауға ғалымдар, қаламгерлер, мұғалімдер, имамдар, дінтанушылар, басқа да саланың азаматтары қатысып, белсенділік танытты. Байқауға шығармасын ұсынып, атсалысқан барша қатысушыларға Алла разы болсын! Алла Тағала еліміздің руханиятын түгендеп жүрген қаламгерлердің қаламына қуат берсін!», – деді Бас мүфти.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.