Жексенбі, 14 маусым 2026 ж. 28 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Бесін 12:20
Екінті 17:56
Ақшам 20:36
Құптан 22:23
Жаңалықтар

Ғұламалар Кеңесі 2021 жылды қорытындылады

15 жел 2021 1 181 рет оқылды
Ғұламалар Кеңесі 2021 жылды қорытындылады

15 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Ғұламалар кеңесінің 2021 жылғы қорытынды мәжілісі өтті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

13-14 желтоқсан күндері Нұр-Сұлтан қаласында өткен Кеңестің ХХХІІ мәжілісінде «Мүлікті банк арқылы сату» үкімі, «Алтын және күміс саудасына қатысты» үкім және «Салынғалы жатқан жылжымайтын мүлікті сату үкімі» тақырыбында жазылған пәтуалар мәтіні қаралып, бекітілді. Сонымен қатар бірнеше концептуалды құжаттар да талқыға түсіп, қабылданды.

Айта кетсек, Ғұламалар кеңесі бүгінде пәрменді институтқа айналды. Мұнда шариғатымыздың негіздеріне сүйеніп, мұсылман қауымы арасында туындаған көкейкесті, түйткілді діни мәселелерді талқылап, дер кезінде шариғи пәтуалар мен концептуалды құжаттар қабылдайды.

Қорыта келгенде, 2021 жылы кеңес жұмысында 23 пәтуа, 2 құжат пен 2 ғылыми жоба бекітіліп, 2 мәлімдеме жарияланды.