«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жамағатты Рамазанға дайындауға арналған семинар өтті.
Бас имам Руслан Байзақовтың бастамасымен қолға алынға «Рамазанға рухани дайындық» атты семинар жалғасуда.
Әйел-қыздар жамағатына арналған кезекті семинарда мешіт ұстазы Айгүл Көксеген жүргізді.
Сауатты жамағат қалыптастыру мақсатында өткізілген семинар аясында ниет, жан-дүниені өкпе, реніштен тазарту, кек сақтамау, уақытты жүйелеу, жақсылық жасау т.б мазмұндар төңірегінде жамағатқа құнды мәліметтер берілді.
Сонымен бірге, оразаға байланысты жамағаттың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берілді.