1-қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Астана қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде мерекелік шара өтті.
Қарттарды құрметтеу бабаларымыздан жалғасқан ата дәстүріміз. Бүгінде ізгілікке ұмтылған жас буынға бағыт-бағдар беретін де, Отанның бастауы болған отбасының руханиятын күшетіп отыратын да қарттар. Осыны ескерген мешіт ұжымы қарттарға құрмет көрсетті.
«Қарттарым – асыл қазынам» атты шара аясында мешіт ақсақалдарымен кездесу ұйымдастырылып, арнайы сыйлық табысталды.
Шараға Бас имам Руслан Байзақов пен «Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкері Әділ Агитаев арнайы қатысып, мешіт жұмыстарына атсалысып, жамағатты ауызбірлікке ұйытып отырған қазыналы ақсақалдарымызға алғыс білдіріп, қарттарды мәуліт мересімен және қарттар күнімен құттықтады.
Еске сала кететін жайт, асыл дінімізде қарттарды құрметтеу бір күннің қана өтпелі міндеті емес. Жыл бойы жасалып отыратын аяулы құлшылық екенін еске салғымыз келеді.