Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Астана-Медина бағыты бойынша қажылық парызын өтеймін дегендердің алғашқы легі Меккеге аттанды

0 12  667

Бүгін түнде қажылық парызын өтеушілердің алғашқы легі Астана-Медина бағыты бойынша ашылған рейспен Меккеге аттанды. Бұрынғыдай емес, енді чартерлік рейс арқылы Мекке мен Мединаға небары 4-5 сағатта жетуге мүмкіндік бар.

Алғашқы рейс құрамында 400-ге жуық қазақстандық бар, ал жалпы биыл Қазақстаннан қасиетті орындарға 2500 адам барады деп күтіліп отыр. Қазақстан діни басқармасының өкілдері биылғы қажылық маусымына дайындық жоғары деңгейде өткенін айтады.

Қазақстандық турфирмалардың пакетіне сай бағасы 3500 АҚШ долларынан 5000 АҚШ доллары аралығында тұрады. Ержан Малғажұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы басшысы: Биыл ұшып жатқан «Флойнас» Сауд Арабиясының әуе комапниясымен СКАТ компаниясы 50 де 50 пайызбен апара жатыр. 2500 адамның 50 пайызын біздің компания апарса, жартысын Сауд Арабиясыныкі апарады. Мұның ерекшелігін айттым.

Бұрын Шаржы немесе Стамбулда 10-20 сағат күтіп қалатын. Қазір осы жерден мініп, бірден Медина қаласынан түсесіздер. Шәкірт Төленұлы: Мешіттен болсын, қажылар қауымынан болсын, барлығы қолынан келгенше құрмет көрсетіп дайындап жатыр. Ниеттерін де білдіріп жатыр. Өте разымыз. Биыл бірінші рет орындауға шығып барамын бес парызымның бірін.  

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.