Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Барлық илаһи діндерде тыйым салынған іс

0 567

Зина – Исламда және барлық илаһи діндерде тыйым салынған іс-әрекет. Ол үлкен күнәлардан саналып ар-намыс және нәсіл-нәсәпке қатыссты бір қылмыс болғандығы үшін жазасы да өте ауыр жазалардың бірі. Құранда:

وَلاَ تَقْرَبُواْ الزِّنَى إِنَّهُ كَانَ فَاحِشَةً وَسَاء سَبِيلاً

«Және зинаға жақындамаңдар! Расында ол бір азғындық және жаман жол», – дейді («Исра» сүресі, 32-аят).

Басқа аяттарда:

«Олар (мүміндер) Аллаға қосып басқа құдайға дұға жасамайды. Алла харам еткенді істемейді, жазықсыз біреді өлтірмейді, зина да жасамайды. Кімде-кім осыны жасайтын болса жазаға тартылады. Оған қиямет күні қабат-қабат азап беріледі және сол азап ішінде қор болып мәңгілікке қалады» («Фурқан» сүресі).

Тағы бір аятта:

«Мұсылман ерлерге айт. Көздерін зинадан сақтасын және ар-намыстарын қорғасын. Бұл өздері үшін жақсы» («Нұр» сүресі, 30-аят).

Әйелдердің орану тұрғысында да былай дейді:

«Мұсылман әйелдерге айт. Бөгде ерлерден көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін зинадан қорғасын. Сондай-ақ, зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өздігінен көрінгендері басқа (беті, қолы, аяқтары). Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін» («Нұр» сүресі, 30-аят).

Пайғамбарымыздың да (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) ойнасқа байланысты көптеген хадистері бар. Атап айтқанда, мұсылман мұсылман бола тұра зина жасамайтындығы яки ойнасты ашық жасауы қияметтің белгісі екендігі айтылады (Бұхари, Худуд, 22; Әбу Дәууд, Худуд, 17).

«Отбасы ғылымхалы» кітабынан.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.