Сейсенбі, 18 тамыз 2026 ж. 5 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 03:16
Күн 05:00
Бесін 12:23
Ақшам 19:35
Құптан 21:19
Мақалалар

Ұмытсаң халық сенен безетін 6 өсиет

6 ақп 2023 830 рет оқылды
Ұмытсаң халық сенен безетін 6 өсиет

Тама елінің Сары би деген ақылгөй ақсақалы Даттың үйінде түстеніп отырғанда Сырым баланың әр сөзіне риза болып, оған мынандай өсиет айтыпты:

- Балам, бұл дүниеде алты ұлы сөз бар, соны есіңнен шығармай жүрсең, ел алдында беделді, сыйлы боласың. Егер ол сөзді ұмытсаң халық сенің маңайыңа жоламай аулақ қашады.

Сырым:

- Ол қандай сөз еді, ата, айтыңызшы?

Сары би:

- Арлы-ожданды бол!

- Елге деген парызыңды ұмытпа!

- Намысыңды жастан сақта!

- Халқыңды алалама!

- Жақыныңды жаралама!

- Қалысыңды қаралама!

Сары би айтқан осы алты өсиетті Сырым шешен қартайғанша есінде сақтап келген.

“Қазақ халқының философиялық мұрасы” кітабынан

Sunna.kz