Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Хатым дұғасы жасалды

0 946

Қадір түнін мешітте өткізуге келген мыңдаған ағайынныңқатысуымен Хатым дұғасы жасалды.Он екі айдың сұлтаны, қасиетті Рамазан айының басталуымен мешітімізде тарауық намазы Құран Хатым оқыла бастаған еді.

“Сәдуақас қажы Ғылмани” мешітінде Қадір түніне орай, тарауық намазынан кейін Құран Хатым дұғасы жасалды.

Естеріңізге сала кетейік, ай бойы күнделік тарауық намазында Құранды Хатым етуге 3 бірдей білікті қари қатысты. Айталық, мешітіміздің ұстазы Хадиршаев Салман қари, әлемдік қарилар жарысының жеңімпазы Шохан Уәлиев қари және “Садуакас қажы Ғылмани” мешітінің төл шәкірті Шалғынбай Рамазан қарилар оқыды.

Күнделікті бір парадан артық оқылып, қасиетті Қадір түнінде тамам болған Хатымның дұғасына мыңдаған елордалық ағайын қол жайды.

Ізгі шара аясында, елімізге амандық, жұртымызға берекет тіленді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.