Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас имам уағыз айтты

0 680

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Қадір түніне орай арнайы бағдарламамен іс-шаралар өткізілуде.

Ауызашар, тарауық намазы, Хатым дұғасы сынды дәстүрлі шаралардан тыс, уағыз-насихат жұмыстары да бағдарлама аясынан қағыс қалмады.

Әуелі наиб мүфти, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, белгілі исламтанушы-ғалым Сансызбай қажы Құрбанұлы «Қадыр түні 1000 айдан да қайырлы» тақырыбында насихат айтты.

Хатым дұғасы жасалған соң «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Руслан Байзақов мешітке жиналған ағайынға «Алладан кешірім тілеу» тақырыбында уағыз айтып, асыл дініміздегі кешірім тілеудің (истиғфар тілеу) мәні мен маңызы жайлы баяндап берді.

Рухани кемелдену айының маң айдан қайырлы түнінде насихат айтқан дін адамдарына жұртшылық дән ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.