Наиб мүфти, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, белгілі исламтанушы-ғалым Сансызбай қажы Құрбанұлы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне арнайы келіп, қасиетті Қадір түніндегі арнайы іс-шараларға қатысты.
Құптан намазыннан соң «Қадыр түні 1000 айдан да қайырлы» тақырыбында уағызын айтты.
Сансызбай ұстаз жиналған жамағатқа Рамазан айының, Қадір түнінің артықшылығы мен берекесі жайындағы тұшымды насихат айтып, мың айдан артық қасиетті түннің дініміздегі орыны, дүние-ақыртеттік маңызына тоқталды.
Сонымен қатар, тарауық намазынан кейін мыңдаған елордалық ағайынмен бірге Хатым дұғасын жасап, ағайынның бірлігі, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тіледі.