Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

БАС МҮФТИ ОҢТҮСТІК ӨҢІРДІҢ ЖАМАҒАТЫНА УАҒЫЗ АЙТТЫ (ФОТО)

0 2  180
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Оңтүстік Қазақстан облысына арнайы іс сапармен келді.

Іс сапар барысында ҚМДБ төрағасы Шымкент қаласында орналасқан облыстық орталық мешітінде жұма намазы алдында жамағатқа уағыз айтты.

Жұма уағызында көрші ақысы, тәубе ету, ата-ананы құрметтеу, мейірімділік пен  кішіпейілділік туралы уағызын сабақтай келе: «Құран- қоғамды жөндеу үшін түсірілді. Сондықтан да  дінде ата-анаға, бауырларға  және жақын туыстармен жақсы қарым-қатынаста болуымыз қажет. Тіпті, өзге дін өкілі болса да онымен жақсы мәміледе болуымыз керек», – деді Бас мүфти.

Ержан қажы Малғажыұлы оңтүстік өңірде Ислам дінін өркендету жолында атқарылып жатқан игі істерге оң бағасын берді. Өңір халқының салт-дәстүр мен имандылықты жаңғырту жолындағы еңбегін ерекше атап өтті. Сонымен қатар мешіттердің бой көтеруіне үлес қосқан азаматтарға алғысын айтты.

Бас мүфтидің ресми шаралары аясында Шымкент қаласындағы діни оқу орындары мен Ордабасы ауданында бірқатар кездесулер өткізу жоспарланған.

 ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

www.muftyat.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.