Іс сапар барысында ҚМДБ төрағасы Шымкент қаласында орналасқан облыстық орталық мешітінде жұма намазы алдында жамағатқа уағыз айтты.
Ержан қажы Малғажыұлы оңтүстік өңірде Ислам дінін өркендету жолында атқарылып жатқан игі істерге оң бағасын берді. Өңір халқының салт-дәстүр мен имандылықты жаңғырту жолындағы еңбегін ерекше атап өтті. Сонымен қатар мешіттердің бой көтеруіне үлес қосқан азаматтарға алғысын айтты.
Бас мүфтидің ресми шаралары аясында Шымкент қаласындағы діни оқу орындары мен Ордабасы ауданында бірқатар кездесулер өткізу жоспарланған.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі