Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ТАҚУАЛАРҒА ҚАНДАЙ СЫЙ БАР?

0 4  075

Қазақ халқы тауалыққа айырыша маңыз беріп, мүмкіндігінше тақуалық жолмен жүрген. Тақуалыққа ұмтылу- ол жан дүниені таза ұстап, Алланың хақ жолымен жүруді білдіреді. Тыйым салынған шектеулерден бас тарту тақуалықтың алғы шарты болып келеді.

Тақуалығы күшті адамдарға Ұлы Алла Тағала сансыз жеңілдіктер береді. Бұл адамның алдынан жол ашылу, несібеге кенелу, тілектерің орындалу деген сөз.

Бұл туралы қасиетті Құранның «Талақ» сүресінің 2-3 аяттарында: «Кім Алладан қорықса, (Алла) оған бір шығар жол пайда қылады. Және оны ойламаған жерден рызықтандырады» деген. Бұл осының нақты дәлелі болып табылады.

Сонымен қатар «Әнфал» сүресінің 29 аятында: «Әй мүминдер! Егер Алладан қорықсаңдар, Ол сендерге жақсы, жаманды айыратын қабілет береді, әрі жамандықтарыңды жойып жарылқайды. Алла зор кеңшілік иесі» делінген. Демек, тақуалыққа Алла тарапынан сый мол деген сөз. Тақуалықтан шығу адамды мүсәпір күйге түсіретіндігін ұмытпау керек.

Алла Елшісі (с.ғ.с.) тақуалық жайлы нақты былай деген: «Сырт көзге жақсы болып көрiнгенiмен, бiрақ iшi күмәндi болған нәрседен сақтанбайынша пенде тақуалар қатарына қосыла алмайды» («Сунәну Ибн Мажәһ», 4215).  Осыған қарап, тақуалықтың сондай биік талапқа ие екендігін білеміз.

Сонымен қатар Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Менiң досым араларыңдағы бiреудiң ұрпағы емес, бәлкiм, тақуаларың» («Канзүл-Ъүммәл», 5661) деген.

Тақуалық туралы ислам ғалымдары да тамаша толғамдар айтқан.

Маймун ибн Миһран (р.а.) тақуа адам туралы: «Жолдасының азығы мен киiмi қандай жолмен келiп жатқанына сын көзбен қарағанындай, өзiнiң де iшiп-жегенiңе сын көзбен қарамайынша ешбiр пенде тақуа бола алмайды» («Тухфатүл-Ахуази») деуі үлкен ғибрат.

Сондықтан Ала Тағаланың әмірін тұтып, ішкі жан дүниеде тақуалықа жол ашу Жаратушының мейіріміне бөлейді. 

Ибрагим қажы Еркінбайұлы

Шығыс Қазақстан облысы

Шемонаиха ауданының бас имамы

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.