Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

МЫРЗАТАЙ ЖОЛДАСБЕКОВ БАС МҮФТИГЕ БАТАСЫН БЕРДІ (ФОТО)

0 3  160

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, профессор, академик Мырзатай Жолдасбековпен кездесті.

Мүфтияттың игі шараларына ұдайы қатысып, дін қызметкерлерінің ізгі бастамаларына қолдау көрсетіп жүретін батагөй ақсақал Бас мүфтиге имам-молдалардың беделін көтеру, әр өңірден Ислам ғұламаларын дайындау, сауатты уағыз айту, салт-дәстүрді жаңғырту, отбасы тәрбиесін жетілдіру, т.б. мәселелер жайында ұсыныстарын жеткізді.

Өз кезегінде ҚМДБ төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлы Мырзатай Жолдасбекұлының жанашырлықпен жеткізген ұсыныс-пікірлеріне айрықша алғысын білдірді.

Абыз ақсақал М.Жолдасбекұлы: «Айналайын Серікбай, жауапты қызметің құтты, берекелі болсын! Сен сындарлы кезеңде өзіңе үлкен жауапкершілікті алып отырсың. Мемлекет ісінде Елбасы, дін ісінде өзің жүрсің ғой. Сендердің тап қазір ел үшін жасаған әрбір іс-әрекеттерің ертеңгі ұрпақ үшін тарих, өнеге болып қалады. Сондықтан ең әуелі өзара ауызбіршіліктеріңді сақтаңдар. Бақытты болыңдар. Алла Тағала жұмыстарыңа береке берсін», – деп батасын берді.

Бас мүфти мәртебелі мейманға құрмет көрсетіп, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты.

 ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.