Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жат ағымның жетегіне еретіндер кімдер?

0 5  989

Бүгінде Ислам әлемі мойындаған жүйелі төрт мәзхаб бар. Сан ғасырлар бойы біздің ата-бабамыз ұстанып келген имам Ағзам Әбу Ханифа мәзхабы. Себебі, бұл біздің өмір салтымызбен біте қайнасып, ұлттық мәдениетімізбен тұтасып кеткен бағыт.  Десе де, ғасырлар бойы ата-баба берік ұстанған діннен теріс айналып жаңылғандар, адасқандар көбейді. Сирияда жүрген жиһадшылар – соның бір көрінісі. Соңғы уақытта жат ағымға еріп адасқандар неге көбейді? Дәстүрлі емес ислами ағымдар нені көздейді? Салафизм бағыты неге қауіпті танылды?

Біз осы орайда ҚР ДІАҚМ ДІК Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Айнұр Әбдірәсілқызын сөзге тартқан едік…

– Алдымен радикал деген ұғым не? Радикал ұғымын әдетте мектеп оқушылары, жасөспірімдер түсіне бермейді. Бұл ұғым физикада кездесіп жатады. Сол секілді діни емес те түрлі бағыттарда қолданылуы мүмкін. Яғни, радикал дегеніміз  тек дінге қатысты ғана емес, түптеп келгенде бәріне өзгеріс енгізуді қалайтын, қоғамдағы тәртіпке қарсы шығатын, қолдамайтын теріс бағыт. Қазіргі таңда радикалды ағымдардың яғни, теріс пиғылды ағымдардың шоғырланған жері Таяу Шығыс. Мұны Сирия қақтығысынан бәрі білетін шығар. Сириядағы өздерін Ислам мемлекеті деп жариялап отырған ИШИМ-нің әрекетімен әрбір жасөспірім таныс деуге болады. Өкінішке орай, бұлай деп айтуымызға да себеп көп. Қазіргі жиырма бірінші ғасыр техниканың, интернеттің заманы деп жатамыз. Осы орайда әлеуметтік желілер арқылы таралып жатқан қаншама видео-мәліметтер арқылы естіп, көріп жатыр бүгінгі өскелең ұрпақ. Дәл осы идеяның  басы қасында тұрған адамдар қаншалықты бұл мәселеге діни көзқараспен қарайды? Ең алдымен мұның ең ұшар басында тұрған адамдар бұған діннің қатысы жоқ екенін біледі. Яғни, бұл таза экономикалық саяси мүддені қорғайтын ағым.

Екінші бір топтар бар. Олар діни радикализмді шынымен-ақ діннің тазасы осы деп діни иделогия ретінде сеніп жүргендер. Ең қорқыныштысы сол дұрыс ақпаратқа қол жеткізе алмай, адасқандар осы топта жүр. Яғни, идеялогиялық саяси мақсаттарды көздеу үшін жүргендер де кездеседі. Бұл құрылымда жүргендер сенгіш әрі алданғыш. Олардың басым көпшілігі жастардан құралады. Олар тура бағытта келеміз, дұрысы осы деген секілді ұғымды санасына сіңдіріп алғандар. Тіпті жихад ұғымына кіріп, қан төгіп, өз бауырын өлтірсе де бұл дұрыс деп есептейді. Яғни, дін жолындағы күрес ретінде қабылдайды. Ал, шын мәнінде бұл үлкен адасушылық екенін сезбейде қалып жатады. Бұл топта жүргендер өздері де құрбан болатындар және өзгені де құрбан ететіндер.

Үшінші жағы таза дүние-мүлік, ақша табу мақсатында оңай олжаға кенелу үшін былыққа батып жатқандар. Дәл осындай оймен өзге ағымға кіріп жататындар да қоғамда жиілеп кеткен.

Осы орайда «өзге ағым үгіт-насихатын қалай жүргізеді?» деген сауал туындауы заңды. Әрине, өкінішке орай ашық ақпарат кеңістігі деген бар. Бұл кез-келген елдің тоғысып отырған мәселесі. Яғни, жаһандануға аяқ басқан кез-келген мемлекет міндетті түрде ақпарат кеңістігін ашық ұстауға мәжбүр. Онсыз әлемдегі түрлі жаңалықтардан хабардар болуы мүмкін емес. Қазір ғаламтор беттерінде саң мыңдаған ақпарат бар. Барлығына бірдей тосқауыл қойып отыра да алмаймыз. Дегенмен, ненің дұрыс, бұрысын анықтап алған жөн. Бірақ, анықтау үшінде жасөспірім тұрмақ ақыл-ойы қалыптасқан ересектерге дебұл  оңай емес. Әсіресе ол діни негіздегі ақпарат болса. Сондықтан, барлық жерде таратылып жатқан хабарландыруларға құлақ түрген жөн. Ресми сайттардан ақпарат алған дұрыс деп айтар едім. Соның ішінде ҚМДБ-на қарасты 20-ға жуық сайт бар. Егерде ислам жөнінде ақпарат іздер болсаңыздар осы сайттардан алған жөн. Сонымен қатар, әрбір облыста 16 діни басқарма қызмет атқаруда. Діни ақпаратқа қанығып, дұрыс жолды таңдау үшін осы басқарма мамандары сіздерге әрқашан көмек көрсетпек. Сондай-ақ, ҚМДБ-ға қарасты 2600-ден астам мешіт бар. Олардың да есіктері әрдайым ашық. Имамдар ғибратты дүниелер айтып, тура жолды жаңғыртары сөзсіз.

«Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң» дейді қазақ. Теріс бағыттағы діни идеологияның жетегінде жүрген жастарды  кері қайтару, діни ағымдарға тосқауыл қою  дін өкілдерінің басты назарында.

ummet.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.