Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҰСТАЗ ДИНАРА НҰРҒАЛИЕВА ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

0 10  657

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың биылғы жылды ҚМДБ қызметі аясында «Ислам және отбасы» жылы деп жарияланған болатын. Осындай игі бастама аясында, ҚМДБ-ның «Әйел-қыздар» секторы және «Нұр Астана» орталық мешітінің ұстазы Динара Нұрғалиева «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің әйел жамағатымен кездесті.

Кездесуде ұстаз Динара Нұрғалиева мешіт жамағатына «Ер мен әйелдің міндеттері» атты тақырыбында тағылымды уағыз-насихат айтты. Уағыз барысында Пайғамбарымыздың (с.ғ.а.) өнегелі өсиеттері және қазіргі кездегі ең өзекті де өткір мәселенің бірі – бабаларымыздан жалғасып келе жатқан отбасы институты, отбасы құндылықтары және ажырау секілді маңызды мәселелер жайында сөз қозғалды.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.