Мәжіліске Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, облыстың бас имамдары қатысуда.
Алқалы жиында ҚМДБ жұмысын жаңғырту жоспары, Рамазанға дайындық, жаңа ашылған мешіттерге ат қою, т.б. мәселелер талқыланбақ.
Сонымен қатар, облыс имамдарының бірінші тоқсанда атқарған жұмыстарының есебі тыңдалады.