Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ұмыт болған сүннет: Беті ашық ыдыстарды жауып қою

Ұмыт болған сүннет: Беті ашық ыдыстарды жауып қою

0 51

Жәбир ибн Абдулладан (Алла олардың екеуіне де разы болсын) жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Түн батқан кезде (немесе: кеш түскен кезде) балаларыңды [қастарыңда] ұстаңдар. Өйткені, бұл уақытта шайтан [мен оның қызметшілері жер бетіне] тарайды. Түннің бір бөлігі өткеннен кейін, [балаларыңды] жібере беріңдер. [Сонымен қатар түн батқанда] есіктерді жауып, Алланың есімін зікір етіңдер. Өйткені, шайтан жабық есікті аша алмайды. Және бөрдектеріңді қымтап байлап, Алланың есімін зікір етіңдер. Сондай-ақ ыдыстарыңды жабыңдар немесе [кем дегенде] олардың үстіне бір нәрсе қойып кетіңдер және шамдарыңды өшіріңдер», – деді (Муслим, No 1293).

материал «Ұмытылған 40 сүннет» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.