Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Үйленетін қалыңдықтың бойында болуы тиіс сипаттар

0 1  897

ҚМДБ аясында «Ислам және отбасы» жылы болып жарияланғаны мәлім, осынау игі бастаманың негізінде, Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде әйелдер жамағатының қатысуымен «Әйелдер тұрғысында 40 хадис және әйел әдебі» атты кітабынан арнайы дәріс өз жалғасын табуда.  Аталмыш дәрісті әйелдер жамағатының ұстазы Әлия Аусағатова жүргізеді. Дәріс барысында «Үйленетін қалыңдықтың бойындаболуы тиіс сипаттар» тақырыбы жайында айтылды. 

(Дәрісте айтылған хадистің жазбаша нұсқасысы төменде көрсетілген.)

Қазақша мағынасы:

Әбу Һұрайрадан (p.a.) риуаят етілген хадисте ХазіретіПайғамбар (с.а.у.) былай дейді:
«Әйелдің төрт нәрсесіне қарап не-келесу керек: мал-мүлкіне, тегіне, сұлулығына және діндарлығына.Сен мүмкіндігің барынша діндарды таңда» (Бұхари, Неке 15).
 
Хадиске түсініктеме:
 
Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) үйленетін жас жігіттерге әрдайымсыртқы сұлулықтан гөрі ішкі жан дүниенің сұлулығына қараудыөсиет еткен. Өйткені жанның сұлулығы ескірмейді, әрі нағызсұлулықтың өзі болып есептеледі. Ал сыртқы келбет көп уақытөтпей гүл секілді солып, өз кейпінен айырылады. Әдемілігітаңданарлықтай дәрежеде болса да, күндердің күнінде қараусызхалге келетіндіктен шынайы бақытқа жеткізе алмайды.Хазіреті Пайғамбардың үйленетіндерге айтқан өсиеттерініңбірі: «Әйелдердің сұлулығына бола некелеспеңдер. Оның сұлулығы мінезінің өзгеруіне алып баруы мүмкін. Оларға дүние-мүлкіне болаүйленбеңдер, дүние-мүлік оларды азғындыққа соқтыруы мүмкін.Әйелдерге діндарлығы үшін үйленіңдер. Жыртық киімді қара әйелболса да діндар әйел әлдеқайда артық»Әйел кісі де ер кісінің бойынан діндарлық сипатын іздеу ке-рек. Пайғамбарымыз бұл тұрғыда: «Сендерге діні мен мінезінекөңілдерің толарлық ер жігіт қыз сұрап келсе, оған қыздарыңды беріңдер. Егер бұлай істемесеңдер жер бетін жанжал жайлайды. 
Сонда бір сахаба:
– Уа, Аллаһтың елшісі! Егер ол кедей әрі тексіз болса да ма?– деп сұрағанда Хазіреті Пайғамбар: – Сендерге діні мен мінезіне көңіл толарлық ер кісі қыздарыңдысұрап келсе, қыздарыңды беріңдер» деп үш рет қайталады.Хадиша анамыз Хазіреті Пайғамбарымызбен жесір ре-тінде тұрмыс құрса да оған дүние-мүлкімен жәрдем беріп,Пайғамбардың өмірінде ұмытылмастай із қалдырған. Оған дегенсүйіспеншілігінің күштілігі соншалық, тіпті онымен сөйлесугерұқсат сұрап келген Хуайлидің қызы Халаның даусын естігенде,оның даусын бибі Хадишаның даусына ұқсатып қуанғанынантұла бойын еріксіз діріл билеген екен.Сонда Айша анамыз оның бұл әрекетін қызғанып, «оны негемұншалықты төбеңе көтересің?» дегенде, Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) оның бұл сөзіне ашуланып, Хадиша жайлы «Мен оны өтежақсы көремін» деп Хадишаның жан дүниесінің сұлулығын жадында сақтаған.
 

SUNNA.KZ
 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.