Төменде жарлықтың мәтіні көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3 тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) болып аталсын.
2. Министрлікке Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қоғамдық келісім саласында мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
- жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдардың штат санын қайта бөлуді;
- осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 22.02.1999 ж. № 6 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақта: «ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «ҚР Қоғамдық даму министрлігі;».
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау ҚР Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2018 жылғы 28 маусым №707
primeminister.kz