Кездесуде Халық Қаһарманы Бақытжан Ертайұлы Бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлымен бүгінгі жастарды мемлекетшіл болуға үйрету, олардың патриоттық сезімдерін ояту, иманды қоғам құрудың жолдары, дін мен дәстүр сабақтастығы, т.б. тақырып төңірегінде сұхбаттасты. Сұхбат соңында генерал-лейтенант Бас мүфтидің жаңа қызметіне жақсылық тілеп, Діни басқарманың игі іс-шараларына қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Бас мүфти өз кезегінде Халық Қаһарманына алғысын білдіріп, жылы лебізін жеткізді.
Кездесу соңында алдағы уақытта сауапты һәм салауатты шараларды бірлесе атқару туралы уағдаласты.
ҚМДБ баспасөз қызметі