Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

БАС МҮФТИДІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ (ФОТО)

0 1  948
Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісі өтті, – деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі. 

Алқалы жиынға ҚМДБ Төрағасы Серікбай қажы Ораз, ҚР Дін істері комитетінің төрағасы Еркін Оңғарбаев, Бірінші наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфтилер – Алау Әділбай, Бауыржан Есмахан, ҚМДБ аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, облыстың бас имамдары қатысты.

Төралқа мәжілісінде мүфтияттың 2018 жылдың алғашқы жарты жылдық жұмысы талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, Бас мүфти облыс, аудан орталықтарында орналасқан мешіттерде садақа қабылдайтын терминалдарды орнату мәселесін көтерді. Осы бағытта арнайы іс-шаралар жоспарын бекітуді тапсырды. ҚМДБ Төрағасы Серікбай қажы Ораз бұл өз кезегінде қаржылық ашықтықты қамтамасыз етуге ықпал ететінін атап өтті.

Серікбай қажы Сатыбалдыұлы мешіттер мен дін қызметкерлерінің қоғамда қалыптасқан рөлін одан ары нығайта түсу қажеттігіне де тоқталды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.