Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Әзірейіл (ғ.с) неліктен ажал періштесі ретінде таңдалды?

0 16  687

Төрт ұлы періштенің ішінен ажал періштесі болып неге Әзірейіл таңдалды? Бұл қызметтің оған берілу себебі не еді?

Адам ата (ғ.с) топырақтан жаратылғаны жайлы Алладан түскен төрт кітіпта бірдей қостайды. Адам ата жаратылар кезде, Алла Тағала Жәбірейілге (ғ.с) жерден бір уыс топырақ әкелуін әмір етті. Жебірейіл періште жер бетіне түсіп, Жер-анадан топырақ алар кезде Жер періштеге жалбарынады:

– Менен бір уыс болсын топырақ ала гөрме. Өйткені, менен жаратылатын адам баласы көбейеді. Олардың арасынан Алланың әмірлеріне қарсы шығып, тозаққа түсетіндер болады. Менің бір уыс бөлшегімнің тозаққа түскенін қаламаймын. Аллаға сиына отырып, ұлы Рахманы үшін менің топырағымды алмауыңды өтінемін.

Мұны естіген Жәбірейіл (ғ.с) Алла құзырына қолы бос қайтады.

Алла Тағала Микайлді (ғ.с) топырақ алуға жібереді. Жер-ана Микайл періштеге де әлгі уәжін айтып, Алла атымен жалбарынады. Микайл де топырақ ала алмастан кері қайтады.

Ұлық Алла бұл жолы Исрафилды (ғ.с) жер бетіне жіберді. Жер менің титтей болсын бір бөлігім тозаққа кіргенін қаламаймын деп Ұлық Алланың қаһарынан қорқып жалынады. Исрафил періште де бір уыс топырақ алмай қайтады.

Бұл жолы Ұлық Алла Әзірейілді (ғ.с) жібереді. Түсі суық періште жерге еңкейіп әмірді орындауға ыңғайланды.

– Уа, Әзірайл! Бұл бір уыс топырақтан жаратылатын адам баласының ішінен Алла Тағалағаға қарсы шағатандар болады. Олардың тозаққа түсіп қиналғанын қалайсың ба? Менің бір мүшемнің тозақта жанғанын қалайсың ба?  

– Мен Ұлық Алланың әмірімен келдім. Оның әмірлеріне қарсы шықпай үшін, Аллаға сиынамын.

Жер-ананың жалбарынғанына қарамай қажетті топрақты алып Алланың құзырына шықты.   

Ұлық Алла Әзірейлге бұйырды:

– Уа, Әзіреиіл! Жер қанша жалбарып жыласа да адамды жарататын топырақты сен алып келдің, сол себепті адамзаттың жанын қиямет күніне дейін сен алатын боласың.

– Уа, ҰлыҚ Алла! Адамдардың барлығы мені дұшпан санайды, мені жақсы көрмейді ғой.

Құдіреті шексіз Алла былай деді:

– Уа, Әзірейіл! Мен әр түрлі аурулар, апаттар, жазатайым оқиғалар жаратамын. Осы себептер арқылы қайтыс болғандарын ойлайды.

«Әрбір жан иесі өлімнің дәмін татады» («Әнбия» сүресі, 35-аят).

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.