Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ұлытауда жаңа медиастудия ашылды

Ұлытауда жаңа медиастудия ашылды

0 130

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ұлытау облысына жасаған жұмыс сапары аясында Сәтбаев қалалық орталық мешіті жанындағы «Fajr.media» медиаорталығының салтанатты ашылуына қатысты.


Жаңа студияның жұмыс барысын облыстың Бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы таныстырды. Медиаорталықта имам-ұстаздардың дәрістері, дін қызметкерлерінің қатысуымен өтетін подкасттар, сұхбаттар және өзге де рухани-ағартушылық жобалар түсірілмек.

Бас мүфти жаңа студияның жұмысына сәттілік тілеп, батасын берді.

Аталмыш шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет және қайырымдылық» қорының «Өмірге үміт сыйла» қайырымдылық акциясы аясында жүзеге асты.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.