Бас мүфти Қарағандыдағы жаңа мешіттің құрылысымен танысты
Бас мүфти Қарағандыдағы жаңа мешіттің құрылысымен танысты
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары барысында Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданында бой көтеріп жатқан жаңа мешіттің құрылыс жұмысымен танысты. Наурызбай қажы Тағанұлы игі іске атсалысып жатқан демеуші азаматтарға ризашылығын білдіріп, олардың еңбегіне береке тілеп, арнайы дұға жасады. Айта кетейік, Қарағанды қаласында бой көтеріп жатқан бұл құлшылық ордасы бір мұнаралы, екі қабатты болып салынып жатыр. 600 адамға арналған мешіттің жанынан 100 адамдық асхана да тұрғызылмақ. Сонымен қатар, мешітте ерлер мен әйелдерге арналған бөлек намазханалар мен дәретханалар қарастырылған. Аталған жоба — жамағат игілігіне қызмет ететін жаңа құлшылық орны болмақ.