Рамазан – Құран айы. Алланың ақырғы Елшісінің (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) бір хадисінде «Сендердің ең жақсыларың, Құранды үйреніп оны өзгелерге үйреткендерің» депті. Шындығында да, асыл діннің қайталанбас құндылығы, екі дүние бақытының баяны Құран Кәрімді насихаттау – әрі сауапты, әрі жауапты үрдіс.
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Сауат ашу курсының шәкірттері арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан жарыс өтті.
Құран жарысына қатысушылар «30-параны жатқа оқу» және «Қысқа сүрені жатқа оқу» номинациялары бойынша бақ сынасты.
Оқу мәнері, дыбыстарды шығаруы (махражы), тәжуид ережелерін сақтауы сияқты өлшемдерге аса мән берілді.
Нәтижесінде үміткерлер І, ІІ, ІІІ орындар бойынша 50000 тг, 30000 тг, 20000 тг көлемінде ақшалай сыйлықтар берілді.