Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ төрағасы Атырауда жұмыс тобының қорытынды жиынын өткізді (ФОТО)

0 803

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына арнайы сапармен барған жұмыс тобының қорытынды жиынын өткізді. Жиынға республикалық ақпараттық насихат тобының мүшелері қатысты.

«Құрметті әріптестер! Аллаға шүкір, Атырау облысына жасаған іс-сапарымыз жемісті болды. Имамдарға діни мәселелер бойынша дәріс бердік. Жұмыс тобы бір күнде мыңнан астам адамға насихат айтып, сұрақтарына жауап берді. Баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистерді толғандырған сұрақтарға жауап бердік. Жеке кездесулердің нәтижесінде бірнеше азаматты дәстүрлі емес діни ағымның ықпалынан арашалап алдық. Олар сіз бен бізге алғысын жаудыруда. Жоспарға сәйкес ыждаһатты түрде жұмыс істеген сіздерге өз атымнан айрықша алғысымды білдіремін. Алла разы болсын!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу соңында Бас мүфти РАНТ мүшелеріне нақты тапсырмалар беріп, жеке ықпал ету іс-шараларын жүйелі түрде жүзеге асыру қажеттігін жеткізді. 

muftyat.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.