Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Елорда теологтары мен дінтанушыларына семинар өтті

0 1  021

Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен Діндерді зерттеу орталығы «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркінде елорда теологтары мен дінтанушыларына арналған семинар ұйымдастырды.

Іс-шара Қазақстан Республикасының дін саласындағы 2021-2023 жылдарға арналған мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі кешенді жоспарын орындау шеңберінде ұйымдастырылды.

Теологтар мен дінтанушылар арасында тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау, бірлескен шешімдер іздеу, жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында өткен іс-шара діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және оңалту бағытында жұмыс істейтін мамандардың кәсіби өсуіне де ықпал етеді.

Семинар аясында шешендік шеберлік бойынша Руслан Спиридониди, SMM саласындағы сарапшы Жан Қыпшақбай, белгілі дінтанушы, сарапшы Балғабек Мырзаев және ҚМДБ діни білім беру және кадрларды даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков, Дін істері басқармасының бас маманы Романова Адия, теолог-исламтанушы, PhD докторы Исатай Бердалиев, сарапшы-дінтанушы Александр Антипин, дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Шыңғыс Қожахметов баяндама жасап, қатысушыларға дәріс берді.

Қатысушылар дәрістер бөлімімен қатар, топтық ойындар, эстафеталар мен жарыстарға қатысты.

25

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.