Бүгін Астана қаласында “Ақ мешіт” мешітінің ашылу салтанаты өтті. Игі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз қатысты, – деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.
Салтанатты шара Садуақас қажы Ғылмани менішітінің бас имамы Жұманазар Өсерханұлының қасиетті Құран оқуымен ашылды. ҚМДБ төрағасының Бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы алғашқы сөзді Бас мүфтиге ұсынды.
Осыдан кейін Бас мүфти жұма уағызын айтып, жұма намазын жүргізді.
Айта кетейік, “Ақ мешітте” бір мезетте 1200 адам құлшылығын өтей алады. Мешіт жанында медресе салынған.
Бас мүфти бұйрығымен белгілі дін қызметкері Дәурен Мүслімов “Ақ мешіттің” Бас имамы қызметіне тағайындалды.