Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Кешенді бағдарлама әзірленбек

0 832

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2022 жылға арналған кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді.

«Діни білім іздеген жастар неге шетелге кетуге ынталы? Бұл сұрақ әрқайсымызды терең ойландыруы керек. Бірнеше жылдан бері мемлекетіміздің көмегімен Ислам әлемінде жоғары мәртебеге ие әл-Әзһар университетінен білікті мамандарды Нұр-Мүбәрак университетіне қызметке шақырдық. Алайда шетелде діни білім алуға ниет білдірген азаматтар бар. Біз жастарды өз елімізде діни білім алуға қызықтырып, жігерлендіруіміз керек.

Біз медресе-колледждеріміздегі оқу бағдарламасын жетілдіре түсу мақсатында «Үздіксіз білім беру концепциясы» құжатын қабылдаймыз. Жас мамандарды ауылға діни қызметке тартудың кешенді бағдарламасы әзірленуде. Діни оқуды бітірген жастарды сатылап қызметке тағайындаймыз» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.