Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жаман ауру қанша қашықтықтан жұғады?

0 1  206

11 наурыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Ғалымдар әлемде тарап жатқан жаман аурудың ауада қанша уақыт тіршілік ететінін анықтады– деп хабарлайды zakon.kz  сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі. 

Вирус (Құдай бетін аулақ қылсын) ауада кем дегенде 30 минут өмір сүреді және жұқтырған адамнан 4,5 метр қашықтықтағы сау адамға жұға алады.

South China Morning Post басылымының хабарлауынша, Хуан провинциясының ғалымдары автобуста бір жолаушының тағы жеті адамға вирусты жұқтырған оқиғасын егжей-тегжейлі талдады. Бетперде кимеген ер адам өзінен 4,5 метр қашықтықта отырған ерлі-зайыптыларды және бірнеше адамға ауруын жұқтырған. Сонымен қатар, барлық адам түсіп қалғаннан кейін 30 минут өткен соң осы автобусқа келесі рейсте мінген тағы бір жолаушы инфекцияны жұқтырды.

Ғалымдар науқастың түшкіруі немесе жөтелу кезінде шашыраған тамшылары барып қонған затында бірнеше күн бойына сақталатынын анықтады. Осы жағынан алғанда, дәрігерлердің қауіпсіз қашықтық 2 метр деуіне күмән келеді. Осылайша, дәрігерлер қолды жуудың және маска киюдің маңыздылығын тағы да растады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.