Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«С.ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНДЕ ЖЫЛДЫҚ ІС-ШАРА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ (ФОТО)

0 3  304

28-желтоқсан. Астана. Sunna.kz  «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде 2017 жылғы атқарылған іс-шаралар қорытындыланды.

ҚМДБ Астана өкілдігінің нұсқауымен, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Жұманазар Садырханов және наиб имамдардың қатысыуымен мешіттің бір жылдық атарылған жұмыстары қордаланды. Сонымен қатар, жыл бойы Хақ дін жолында белсенді қызмет атқарған мешіт қызметкерлеріне қосымша сыйақы берлді. Және барлық наиб имамдармен қатар мешіт қызметкері алғысхаттармен марапатталды.

Сондай-ақ, бір жылғы атқарылған жұмысқа қысқаша шолу жасалды.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің жылдық есеп қорытындысы:

Қаңтар айынан бастап қараша айына дейін мешітімізде жүргізілген уағыз-насихат жұмыстары барысында 608 рет кездесу өтіп, барлығы 24 320 жамағатты қамтыды. Жұмада 206, 800 адам, ораза және құрбан айт мерекелерінде 14000 адамды қамтыса, тарауих намазында 30450 адамды қамтыды.

Мешіт жамағаттары арасында «Дені саудың жаны сау» атты футболдан жарыстар ұйымдастырылып, наурыз және айт мерекелерінде ұлттық ойындардан: 180 мәрте жарыс өтікізіліп, барлығы – 2880 адам қатыстырылды.

Мешітімізде жыл бойы дәріс алып жатқан шәкірттер мен әйелдер жамағатына 14 мәрте дастархан жайылып, мешіт имамдары уағыз-насихат жүргізіп келеді.

ЖАНТ-жұмысы барысында 31 кездесу ұйымдастырылып, 1986 адамды қамтыды. Жыл басынан бастап 588 неке шариғат бойынша қиылды. Мешітіміздің мәйітханасында жуып тәрбиелеп 83 жаназа намазы шығарылды.

ЖАТ АҒЫММЕН ЖҰМЫС: ҚМДБ тапсырмасына сай, өкілдіктің тапсырмасы аясында, бас имамның қадағалауымен 38 жат ағым өкілдерімен кездесу өткізіліп, 5 адам райынан қайтарылды. Наиб имам Санху Закирдің ұстаздығымен 5 өзге ұлт өкілдері Ислам дінін қабылдады.

Жыл басынан бері мешітімізде жалпы сауат ашу курсына қатысып білім алған – 493 ер адам дәріс алған болса, 145 әйел жамағаты дәріс алды. Барлығы 666 адамды қамтиды. 150 астам Мектеп оқушыларына арналған жазы лагерін өткізілді. Және

Қайрымдылық: 2478390 тг қаржылай мешіт қаражатынан қайырымдылыққа бөлінді. Астана асары қайырымдылық шарасына 302000 тг мешіт жамағатынан берілді. Мешіттің ұйымдастырылған қайырымдылық шаралар барысында: 176 отбасы азық-түлікпен қаматамасыз етілді. 523 отбасына мал етімен көмек көрсетілді. 940 кг киім-кешекпен Шортанды ауылының тұрғындарына таратылған болса, ал мешітімізден 1270 кг көлемінде киім-кешек таратылды. Жалпы саны 2911 адамға қайырымдылық жасалды.

ЕЦ 166/1 уақытша қамау орталығындағы жазасын өтеушілер мен 19 мәрте кездесу өткізіп, 551 адамға әртүрлі тақырыпта уағыз-насихат жүргізілді.

Биылғы жылғы мешітті жаңалау мақсатында ерлер дәретханасы мен әйелдер дәретханасын актеу жұмыстарды жүргізіліп су апараттарымен дәретхананың бачоктары ауыстырылып, қол кептіргіш апараттар орнатылды. Рамазан айының қарсаңында ерлер залы мен әйелдер залына жаңа кілемдер жайылып, терезелерінің перделері ауыстырылды. Мешіт кіреберісіне заманауи пластикалық қалқанша орнатылды есіктің екі жанына жылу шашатын арнайы апарат орнатылды. Мешіт ішіндегі жарық шамдары толығымен ауыстырылды. Мешіт қабырғасына мешіттің атауы жазылып ілінді.

Мешіт маңын көгалдандыру мақсатында ауласына жасыл шөптер мен ағаштар, гүлдер орнатылды.

Жамағатқа ыңғайлы аяқ киім сөрелері алынды. Асханаға киім ілетін шифанер жасалды. Және Sunna.kz діни ағарту һәм ақпараттық порталы жаңа дизайымен жасақталды. 602 ақпарат, 380 мақала, 84 видео, 44 – жұма уағызы, 33 видео дәріс, (Ұстаз Қабылбек Әліпбайдың дәрістерімен басқа да имамдардың дәрістері) 12 – видео сұрақ-жауап жарияланды.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

   

 

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.