Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:19
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

АЙТ МЕЙРАМЫ - ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРМЕН ЖАЛҒАСТЫ (ФОТО)

5 мау 2017 17 418 рет оқылды
АЙТ МЕЙРАМЫ - ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРМЕН ЖАЛҒАСТЫ (ФОТО)
 Sunna.kz – Ораза айт мерекесіне орай, мешітімізде ұлттық ойындардан жарыстар өтті.

ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілдігінің тапсырмасымен, Ораза айт мейрамына орай, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде ұлттық спорт ойын түрлерінен мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен ел мешіттерінде бастау алған игі шара айттың бірінші күні Елорда мешіттерінде  дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Мерекелік іс-шаралар аясында өткізілетін жарыста ұлттық ойын түрлерінен сайыстар өтті. Атап айтсақ, асық ату, арқан тартыс, гір көтеру, қол күрес қатарлы спорттық ойын түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылып, өткізілген әр номинация бойынша жеңімпаздар марапатталды.  Жеңімпаз атанған азаматтарға «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің  атынан бағалы сыйлықтар табыстады.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

   
#айт #мешіт #сәдуақас ғылмани #ұлттық ойын #ұлттық спорт