Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Елордалық дін қызметкерлері сенбілікке қатысты

0 458

Елордада «Жасыл Астана» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтіп, жалпы саны 1240 жасыл желек отырғызылды.

Игі шараға қала тұрғындарымен бірге мәслихат депутаттары, аудандық әкімдіктер, коммуналдық кәсіпорындар, тұрғындар, студенттер, еріктілер, экоактивистер мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері белсенді қатысып, өз үлесін қосты.

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің қызметкерлері де бүгін білектерін сыбана жұмысқа кірісіп, Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры аумағына ағаш отырғызып қайтты. Қала бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған дін қызметкерлері саябақ аумағын кір-қоқыстан тазартып, жамағатпен бірге игі іс атқарды.

Айта кетейік, «Жасыл Астана» дәстүрлі экологиялық айлығы 15 қазанға дейін жалғасады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.