Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешіт ұжымы ерекше балаларға қуаныш сыйлады (фото)

Мешіт ұжымы ерекше балаларға қуаныш сыйлады (фото)

0 155

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті балаларды қорғау күні мерекесіне орай ерекше балаларға қуаныш сыйлады.Мешіттің бас имамы Руслан Байзақовтың бастауымен және мешіт ұжымының қолдауымен әйел-қыздар секторы сырқаты бар ерекше бүлдіршіндерге арналған арнайы бағдарлама ұйымдастырды.

Аталған шараны мешіттің ұстазы Ерасыл Жайыров Құран аяттары және хадис-шарифтермен бастап берді. Шараға Астана қаласы бойынша зекет және қайырымдылық бағытының жауапты маманы Нұрбол Оразбай қонақ болып қатысып, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған 30 ата-ананы азық-түлік қоржынымен қуантты.

Сондай-ақ, аниматорлардың көмегімен әртүрлі көңілді ойындар ойнатылып, барша қатысушыларға мерекелік дастархан жайылды. Келген ата-аналар мешіт ұжымына осындай есте қалар мереке үшін зор алғыстарын білдірді.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.