Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚАЗАҚСТАН ҚАЖЫЛЫҚ МИССИЯСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

0 991

Елімізден Сауд Арабиясының Мекке қаласына келген Қазақстан қажылық миссия өкілдері өз жұмысын бастады.

Жиынға Қазақстан қажылық миссиясының төрағасы, наиб мүфти Алау Әділбаев, төраға орынбасары, ҚМДБ аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев және білікті дәрігерлер мен миссия мүшелері қатысты.

Алғашқы отырыс барысында миссия төрағасы Алау Әділбаев алдағы күндерге арналған жұмыс жоспарын бекітті. Сондай-ақ ұйымдастыру мәселесіне баса назар аудару жағы да сөз болды. Одан бөлек қажыларымыздың денсаулығы, қауіпсіздігі де миссияның бақылауында болмақ. Өз кезегінде миссия өкілдері қажылық компанияларының жұмысын бақылап, сапасын арттыруға күш салады.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін елімізден Сауд Арабиясына 5 рейс жетіп, 969 қазақстандықтың Меккеге табаны тиді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.