Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Президент: Өзгерісті әрқайсымыз өзімізден бастауымыз керек

0 805

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауы барысында хабарлады.

Өз елінің ертеңіне сенбеген халық мықты мемлекет құра алмайды. Бұған тарихтан талай мысал келтіруге болады. Біз келешегіміз кемел боларына және жарқын болашақты өз қолымызбен жасай алатынымызға сенеміз. Әрбір азаматтың Конституциялық құқығы мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етеміз. Мемлекет пен қоғамның өзара сеніміне және құрметіне негізделген жаңа саяси мәдениетті қалыптастырамыз. Маңызды шешімдер жұртшылықтың қатысуымен ашық қабылданады, – деп атап өтті Президент.

Сонымен қатар ол  бәрі өз қолымызда екендігін алға тартты.

Өйткені мемлекет әр азаматтың үніне құлақ асады. Адал еңбек, озық білім және үздік тәжірибе әрдайым жоғары бағаланады. Мен жаңа Қазақстанның осындай ел болғанын қалаймын. Мақсатқа жету үшін мемлекеттік аппаратты жаңарту немесе мемлекеттік кадрлық ауыс-түйіс жасау жеткіліксіз. Өзгерісті әрқайсымыз өзімізден бастауымыз қажет.  Әрбір адам және бүкіл қоғам жаңғыруы қажет. Құндылықтарымыз түбегейлі жаңаруы тиіс. Мұның бәрі оңай жұмыс емес. Біртіндеп қалыптасып, жылдар бойы жалғасатын үдеріс. Бұл жұмыс бізден жоғары жауапкершілікті, елімізде және бір-бірімізге деген жанашырлықты талап етеді. Бізге ешкім сырттан келіп ештеңе жасап бермейтіні анық, – деді Мемлекет басшысы.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.