Қазақстан Президенті Астана қаласындағы өрт салдарынан қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Кеше Астанада ауыр қайғылы оқиға болды.
Өрт салдарынан бір отбасы бес бірдей перзентінен айырылып қалды.
Қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтамын.
Осыған байланысты мен Үкіметке және Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановқа зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуді тапсырдым.
Барлық өңірдің әкімдері құзырлы органдармен бірлесіп, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылауды күшейтуі керек, сондай-ақ тиісті тексерістер ұйымдастырып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет.
Мұндай жағдай қайталанбас үшін барлық тиісті шараларды қабылдау керек.»