Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Исламға қарсы кітап жазамын деп мұсылман болды

0 1  469

Голландияның бір кездері әсіре оңшыл Азаттық Партиясының (PVV) депутаты әрі екінші адамы болған Йорам ван Клаверен (Joram van Klaveren) Исламға қарсы кітап жазамын деп, мұсылман болды.

Голландияның баспасөз беттерінде жарық көрген хабарларда Голландияның бұрынғы саясаткері, 39 жастағы Йорам ван Клавереннің Ислам дініне қарсы кітап жазу барысында Исламды зерттеп жүріп, дінге деген көзқарасы түбегейлі өзгерген, деп жазады kazislam.kz сайты.

Осылайша ол өткен қазан айында тілін кәлимаға келтіріп, мұсылман болады. Исламды қабылдаған соң ол мұсылман еместердің Исламға қарсы жаңсақ пікірлерін жоятын кітап жазып шығады.

2010-2017 жылдары Голландия парламентінде депутат болған Ван Клаверен 2014 жылы Азатты партиясының лидері Гирт Уилдерстің (Geert Wilders) тегі Мароккодан келгендерге қарсы нәсілшіл сөздерінен кейін партиядан шығып, тәуелсіз депутат болған.

Ван Клаверен 2017 жылы өткен жалпыхалықтық сайлауда өзінің құрған партиясынан кандидат боп сайлауға түседі. Алайда, жеткілікті дауыс ала алмағаны үшін саясатпен біржолата қош айтысады.

Бір кездері әсіре оңшыл Азаттық партиясының мүшесі болған Бірлік партиясының лидері Арноуд ван Дурн (Arnoud Van Doorn) да 6 жыл бұрын партиядан кетіп, мұсылмандықты қабылдаған еді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.