Жұма, 16 қазан 2026 ж. 5 жұмадөл әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 05:08
Күн 06:34
Бесін 12:05
Екінті 15:34
Құптан 18:51
Жаңалықтар

Мұсылман қызы Apple компаниясын хакерлер шабуылынан қорғады

6 ақп 2019 2 159 рет оқылды
Мұсылман қызы Apple компаниясын хакерлер шабуылынан қорғады

Фатима аль-Харби есімді саудиялық қыз кәсібилігі үшін Apple компаниясы тарапынан жоғары марапатқа ие болды. 

Калифорния университетінің компьютерлік бағдарламалау саласында жоғары білім алған аспирант Фатима аль-Харби Apple жүйесінен үлкен қателік тауып, корпорация басшылығына дереу хабар берген. Осылайша Фатима Apple қауіпсіздік жүйесінің тоқтап қалуының алдын алды.

Қазіргі уақытта Фатима аль-Харби Калифорнияда диссертация қорғауға және Apple ИТ-сарапшылары тізіміне енуге дайындалып жүр. Бұл өз кезегінде оның жаңа ғылым саласында үлкен қадамдар жасауына жол ашады.

kazislam.kz