Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

БАС МҮФТИ: ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ (ФОТО)

0 1  685

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Астанада өткен Ғұламалар кеңесінің ХХІ мәжілісінде атап өтті.

«Ғұламалар кеңесі осыған дейін мүфтияттың концептуалдық құжаттарын, әртүрлі өзекті оқиғаларға орай Діни басқарманың ұстанымын айқындайтын мәлімдемелер мен 100-ге жуық пәтуалар қабылдады. Кеңестің әлеуеті күн санап артып келеді. Мүфтияттың негізгі жұмыс бағыты пәтуа шығару, азаматтардың діни сұрақтарына жауап беру болғандықтан, бұл саладағы қызметімізді үнемі жетілдіріп отыруымыз тиіс», – деді Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Айта кетейік, Астанада 12-14 ақпанда мүфтияттың жаңа бас ғимаратында ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің ХХІ мәжілісі өтті. Кеңес жұмысында «Желілік маркетинг үкімі», «Пойыз және ұшақта намаз оқу үкімі», «Маникюр жасаудың үкімі», «Шашты бояудың үкімі», «Жасанды кірпік жапсырудың үкімі», «Телефон және интернет арқылы неке қию үкімі», т.б. тақырыптар төңірегінде әзірленген пәтуалардың мәтіні талқыланды. Аталған пәтуалар жуырда www.fatua.kz сайтында жарияланады.

ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.